Атырауда пәтер тонаумен айналысқан екі күдікті ұсталды (видео)

0
1 168

Атыраулық полицейлер өткен жылдан бері пәтер тонаумен айналысқан екі күдіктіні ұстады.


Атырауда пәтер тонаумен айналысқан екі күдікті ұсталды (видео)

ERNUR.KZ. Күдіктілерден 150-ге жуық айғақ заттар тәркіленді, деп жазады atpress.kz.

«Пластик терезелерді ығыстыру әдісімен пәтерлерді тонаған қылмыстық топ жолында кездескеннің бәрін жымқырып келген. Қазіргі уақытта оларға қатысты 35 ұрлық фактісі анықталып отыр. Күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 190 бабына сәйкес жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Полицейлер кейбір тәркіленген заттардың иелері белгісіз болуына байланысты қала тұрғындарынан өз заттарын таныған жағдайда №1 қалалық полиция бөліміне хабарласуларын сұрайды.

Сондай-ақ, полиция қала тұрғындарынан тұрғын үйлерге қауіпсіздік шараларын күшейтуді ескертеді:

«Пәтер ұрлығының алдын алу үшін азаматтардан өз мүліктеріне қырағылық танытуды сұралады. Терезелерге темір торлар орнату, бейнебақылау камераларын қондыру, үйді қараусыз қалдырмау сияқты шараларды қолға алу қажет», - дейді криминалды полиция басқармасының қызметкерлері.