Атырауда полицей шетелдіктердің төлқұжатын тартып алып, ақша бопсалаған

0
2 305

Ол өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.


Атырауда полицей шетелдіктердің төлқұжатын тартып алып, ақша бопсалаған

ERNUR.KZ. Атырауда полиция қызметкері шетелдіктерден төлқұжат алып, ақша бопсалағаны үшін бес жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істері жөніндегі тергеуші Данияр Бекайдаров мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"2021 жылдың 22 қаңтарында Атырау қаласы №2 сотының үкімімен Атырау облысы бойынша Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Р. Зұлқашев өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан және полиция капитаны атағынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол Өзбекстан Республикасы азаматтарының паспорттарын заңсыз тартып алып, оларды қайтару үшін ақша алу мақсатында өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген күдікке ілінді", - деді Бекайдаров онлайн-брифингте.