Атырауда полицияға тергеуге барған жігіт із-түссіз жоғалып кетті

0
568

Атырауда 21 жастағы жігіт екі күннен бері табылмай жатыр.


Атырауда полицияға тергеуге барған жігіт із-түссіз жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Оны 30 қараша күні Атырау қалалық полиция басқармасына тергеуге шақырған, деп жазады Stan.kz.

Ол 30 қарашада таңертең үйінен практикаға баруға шыққан. Бұдан соң полиция департаментіне тергеуге бару керек болған.

Оның қандай бап бойынша жауап алуға шақырылғаны белгісіз. Жас жігіт полиция басқармасының дәлізінде біраз уақыт отырғаннан кейін көшеге шығып, байланысқа шықпай қалған

Анасының айтуынша, соңғы рет 30 қарашада кешкі жетіде баласымен сөйлескен. Осыдан кейін оның телефоны өшірілген. Әлеуметтік желіде жоғалған жігіт туралы ақпарат тарап жатыр.

“Жігітті іздестіріп жатырмыз. Әзірше қайда екені анықталған жоқ”, —деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.