Атырауда сәбидің қайғылы өлімінен пайда тапқысы келген алаяқ іздестіріліп жатыр

0
763

6-қабаттан құлап кеткен 5 жасар қыз бала жансақтау бөлімінде көз жұмған болатын.


Атырауда сәбидің қайғылы өлімінен пайда тапқысы келген алаяқ іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. 20 қазан күні Атырауда белгісіз адам Нұрсая ықшамауданында алтыншы қабат терезесінен құлап көз жұмған баланы жерлеу үшін деген желеумен қала тұрғындарынан ақша жинаған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Алаяқтың әлеуметтік желідегі хабарландыруын көріп, қаза болған 5 жасар қыздың анасы полицияға шағым түсірген.

«Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті іздестіріліп жатыр», - деп хабарлады Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.