Атырауда сегіз жеңіл автокөлік өртеніп кетті

0
694

Өрт көлік жөндеу орталығынан шыққан.


Атырауда сегіз жеңіл автокөлік өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Атырауда техникалық қызмет станциясында сегіз көлік өртеніп кетті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 17 шілдеде сағат 19:21-де шыққан, деп жазады 24.kz.

«Атырау қаласындағы И.Тайманов көшесіндегі «Қазазер» ЖШС-нің көлік жөндеу орталығынан өрт шықты. Өрт салдарынан ғимаратта тұрған сегіз жеңіл автокөлік жанып кетті. Өртті сөндіруге арнаулы қызметтің 15 қызметкері мен 4 техникасы тартылды. Өрт сағат 20:00-де ауыздықталып, 20:41-де толығымен сөндірілді", деп хабарлады баспасөз қызметінен.