Атырауда шетелдік нөмірлі көлік жүргізушісі 900 мың теңгеге жол ережесін бұзған

0
373

Автокөліктің 900 мың теңгеден астам төленбеген 37 айыппұлы бар екені анықталды.


Атырауда шетелдік нөмірлі көлік жүргізушісі 900 мың теңгеге жол ережесін бұзған

ERNUR.KZ. 15 наурызда Мемлекеттік басқару орталығының қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі арқылы Грузияда тіркелген Chevrolet автокөлігін төлемеген айыппұлдармен анықтады, деп жазады tengrinews.kz.

Автокөліктің 900 мың теңгеден астам төленбеген 37 айыппұлы бар екені анықталды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес хаттама толтырылып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.