Атырауда суға мұнай өнімдері көп қалдық тастаған зауыт тексеріледі

0
553

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.


Атырауда суға мұнай өнімдері көп қалдық тастаған зауыт тексеріледі

ERNUR.KZ. "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС ағын су шығарындылары нүктесінде құрамында мұнай өнімдері көп қалдық тасталған, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Атырау облыстық экология департаменті жергілікті қоғам өкілдерімен бірге жүргізген мониторингі барысында анықталды.

Жылдам әрекет ету мақсатында облыстық Экология департаментінің зертханалық-сараптамалық бөлімі қалдықтардың сынамасын алды. Алынған сынамалар әрі қарай анализ жүргізуге жіберілді.

Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға қатысты жоспардан тексеру жүргізуге қатысты дайындық іс-шарасы жүргізілуде.