Атырауда темекі шеккен мектеп оқушыларының ата-аналарына айыппұл салынды

0
452

Атырауда бір топ оқушының мектеп ауласында электронды темекі тартқанын көрсететін бейнежазба тараған.


Атырауда темекі шеккен мектеп оқушыларының ата-аналарына айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Атырауда темекі шеккен мектеп оқушыларының ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, Атырауда бір топ оқушының мектеп ауласында электронды темекі тартқанын көрсететін бейнежазба тараған. Учаскелік инспекторлар оларды анықтап, ата-аналарының қатысуымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

"7 ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы 1-бөлігі ("ҚР заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде электронды темекі тарту") бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.