Атырауда тергеуден кейін жоғалып кеткен жас жігіт табылды

0
624

Ол полицияға барып, тергеушінің сұрақтарына жауап беріп, банктен анықтама алып кету үшін шығып кетеді.


Атырауда тергеуден кейін жоғалып кеткен жас жігіт табылды

ERNUR.KZ. Атырауда тергеуден кейін із-түссіз жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт бес күннен соң табылды, деп жазады Stan.kz.

Манас Исмаилов сол күні үйінен практикаға шығып кеткен. Оны алдымен туыстары мен достары іздеген. Таба алмағаннан соң, үш күн өткеннен кейін полицияға шағымданады. Белгілі болғандай, ол сол күні полиция басқармасына барған.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті Атырау қалалық полиция басқармасына Манас Исмаиловты ҚК 190 Алаяқтық бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеуді сұраған. Ол полицияға барып, тергеушінің сұрақтарына жауап беріп, банктен анықтама алып кету үшін шығып кетеді.

“Ол полиция бөліміне 29 қарашада келіп, 30 қараша жұмыстан кейін хабарсыз кеткен. 3 желтоқсан күні жігіт жоғалғаны туралы арыз түскен. Кейін іздеу жарияланып, тек 5 желтоқсанда табылды”, – дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Атырауда полицияға тергеуге барған жігіт із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.