Атырауда төбелескен студент қыздар жазаланды

0
539

Төбелестің себебі белгілі болды.


Атырауда төбелескен студент қыздар жазаланды

ERNUR.KZ. Атырауда сабақтан кейін шаш жұлысып төбелескен үш қыздың ісі сотта қаралып, ата-аналарына айыппұл салынды. Төбелестің себебі де белгілі болды, деп жазады exk.kz.

О баста Атырау Бизнес және құқық колледжінің екі студенті бір-бірімен сөзге келіп қалған. Бір студент екінші студентті неге сыртанан жаман сөздер айтып жүргенін сұрап, бір-бірін ұрады. Кейін ұрысқа топ жетекшісі араласып, екі қыз татуласқан кейіп танытады.

Сабақтан шыққаннан кейін, аялдамада тұрған кезде әлгі қыздың құрбысы келіп, неге оның жан құрбысына ұрынғанын сұрайды. Қайтадан ұрыс басталып, қыздар "мәселені реттеу үшін" аялдамадан кетіп, үш қыз шаш жұлыса бастайды.

"Сот отырысында ата-аналар мен олардың қыздары кінәларын толық мойындады. Куә ретінде колледж директорынан, оның орынбасары мен куратордан жауап алынып, олардың тарапынан тәрбиелік шаралардың жеткілікті деңгейде жүргізілмей жатқандығы қатаң ескертілді", — дейді Атырау облыстық ауданаралық мамандандырылған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотының баспасөз қызметіндегілер.

Жасөспірімдер ӘҚБтК 435-бабымен (Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) кінәлі деп танылып, әр ата-анаға 14293 теңге айыппұл салынды.

Еске салайық, бұған дейін Атырау Бизнес және құқық колледжінің үш студенті сөзге келіп қалып, көшеде төбелес шығарғанын жазған болатынбыз.