Атырауда ұшақтан қара түтін шықты: Мамандар түсініктеме берді

0
784

Әлеуметтік желіде Атырау әуежайынан ұшқан әуе кемесінің видеосы пайда болд


Атырауда ұшақтан қара түтін шықты: Мамандар түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Атыраулық мамандар қара түтін шыққан ұшаққа қатысты түсініктеме берді, деп жазады Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде Атырау әуежайынан ұшқан әуе кемесінің видеосы пайда болды. Видеода ұшақтан қара түтін шыққаны байқалады. Әуежайдың инженерлік-авиациялық қызметінің бастығы Андрей Кимнің сөзінше, кеше, 21 шілдеде түстен кейін АН-12 жүк ұшағы ұшып кеткен.


"Ұшу режимі кезінде қоспалар араласып, бөлінген, басқаша айтқанда қоспалар шығады. Бұл қалыпты жағдай. Кеңес кезіндегі барлық ұшақтан осындай қоспа бөлінеді. Ұшақ биік ұша бастаған сайын номинал режим, қара түтін азаяды. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ", - дейді Андрей Ким.