Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен баланың денесі шығарылды

0
1 190

Жайықтың жағасында ойнап жүрген он жасар бала бетон тосқауылдан өзенге құлаған.


Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен баланың денесі шығарылды

ERNUR.KZ. Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен баланың денесі шығарылды, деп жазады ҚазАпқарат.

«Қайғылы оқиға 27 мамыр күні түс қайта болған. Жайықтың жағасында ойнап жүрген он жасар бала бетон тосқауылдан өзенге құлаған. 2007 және 2010 жылдары туған екі досы оны құтқармақ болады. Өкінішке қарай бала суға батып кеткен. Оның денесі өзеннен шығарылды», - деп мәлімдеді Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Баланы іздеуге жалпы 14 құтқарушы, 4 техника, 1 жүзу құралы, сондай-ақ полиция департаментінің 10 қызметкері жұмылдырылған.