Атырауда жаңа автобустар жолға шықты

0
1 222

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Семей қаласында шығарылған жаңа 8 автобус №30а бағытында жолға шықты.


Атырауда жаңа автобустар жолға шықты

ERNUR.KZ. Атырауда қоғамдық көліктің даму тұжырымдамасын жүзеге асыру жалғасуда, деп жазады ҚазАқпарат.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Семей қаласында шығарылған жаңа 8 автобус №30а бағытында жолға шықты. «БРК-Лизинг» АҚ басқаратын автобус паркін жаңартудың жаңа бағдарламасы бойынша жаңа қоғамдық көлік сатып алынды. Осылайша, Атырауда қоғамдық көлікті дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру жалғасуда. Сонымен қатар, жаңартылған бағыттардан босатылған 7 үлкен автобус №7 бағытында жолға шықты.

Тұрғындардың назарына №30а бағыты Атырау әуежайы мен Жеңіс саябағы бойынша жүреді, №7 бағыты Авангард соңғы аялдамасынан Химпоселок арқылы Кара-депоның ортасына дейін және кері қарай жүретін жолаушыларды тасымалдайды , - деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Атырау облысының әкімі бастамашы болған қоғамдық көлік тұжырымдамасын іске асыру басталғаннан бері қалалық автобус паркіне 75 жаңа автобус келіп түскен. Биылғы жылы 100-ден астам қоғамдық көлікті сатып алу жоспарланып отыр.

«Сондай-ақ , өткен жылдың күзінде тұжырымдаманы іске асыру аясында Атырау қаласының алты автобус бағдарында электрондық билеттер енгізілді.