Атырауда жанармай бекетіне шабуыл жасалды - видео

0
864

Қылмыс барысы мен ұрылардың ұсталған сәті бейнебақылау камереларына түсіп қалған.


Атырауда жанармай бекетіне шабуыл жасалды - видео

ERNUR.KZ. Екі ер адам жанар-жағармай құю станциясын тонамақ болып, шабуыл жасады. Тәртіп сақшылары оларды ізін суытпай ұстады, деп жазады sputniknews.kz.

Жанар-жағармай бекетіне шабуыл тоғызыншы қаңтар күні шамамен сағат 6.00-де жасалған. Атырау облысы баспасөз қызметінің мәліметінше, С.Датов көшесінде орналасқан станцияға екі ер адам кірген. Олар бекет қызметкерлеріне күш көрсетіп, кассадан 268 мың теңгені ұрлап кеткен.

"Одан кейін оқиға орнынан қашып үлгерген. Дегенмен, полицейлер ізін суытпай қылмыстың бетін ашты. Ұсталғандар Жылыой ауданының 25 жастағы тұрғыны мен 24 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Олардан ақша мен басқа да заттай айғақтар табылды", - деп хабарлады полиция департаменті.

Құқық қорғаушылар аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 192-бабы, 2-тармағы - "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.