Атырауда жанармай құю бекетіндегі жарылыстың видеосы жарияланды

0
742

Төрт адамды күйік шалды, олар ауруханаға жіберілді.


Атырауда жанармай құю бекетіндегі жарылыстың видеосы жарияланды

ERNUR.KZ. Атырауда жанармай құю бекетіндегі жарылыстың видеосы жарияланды, деп жазады тengrinews.kz.

Бүгін таңертең Атабаев көшесінде орналасқан "ПромГаз" ЖШС аумағында "Форд" маркалы автоцистерна жарылған. Төтенше жағдай салдарынан сол маңда 60-70 метр жерде орналасқан ғимарат бүлінген.

"Төрт адамды күйік шалды, олар ауруханаға жіберілді: жанармай құюшы, жүргізуші мен Атырау облысы ТЖД екі қызметкері - бөлім командирі мен өртсөндіруші", - делінген ІІМ ТЖК хабарламасында.

Сағат 9.58-де өрт толықтай ауыздықталған. Қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 4 дана техника жұмылды.