​Атырауда жарылыстан зардап шеккен екі адам көз жұмды

0
494

Оқыс оқиға 10 қараша күні мұнайлы шаһардағы Балауса ықшам ауданында болған еді. Жылыту қазандығы жарылып, жеке тұрғын үй түгелдей жанып кетті.


​Атырауда жарылыстан зардап шеккен екі адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Атырауда жылыту қазандығының жарылуы салдарынан, зардап шеккен екі адам ауруханада көз жұмды, деп жазады 24.kz.

Екі бозбаланың да денесі 90-95 процентке дейін күйіп қалған еді. Зардап шеккен 1999 жылғы қыздың да жағдайы жақсы емес.

Еске сала кетейік, оқыс оқиға 10 қараша күні мұнайлы шаһардағы Балауса ықшам ауданында болған еді. Жылыту қазандығы жарылып, жеке тұрғын үй түгелдей жанып кетті.

Мамандар қазандықтарды пайдалану ережелерін қатаң сақтап, жылыту жабдықтарының жұмысын, үнемі тексеріп отыру керек дейді.