​Атырауда жедел-жәрдем көліктері 100 пайызға жаңартылды

0
2 388

Облыстық жедел-жәрдем стансасының директоры Бауыржан Төлегеннің айтуынша, жаңа көліктер «ҚДБ – лизинг» есебінен алынған.


​Атырауда жедел-жәрдем көліктері 100 пайызға жаңартылды

Бүгін облыстық медициналық жедел-жәрдем стансасы тағы 20 медициналық көлікпен толықты. Осылайша, өңірдің медициналық жедел жәрдем стансасындағы көліктер 100 пайызға жаңартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық жедел-жәрдем стансасының директоры Бауыржан Төлегеннің айтуынша, жаңа көліктер «ҚДБ – лизинг» есебінен алынған.
"Жеткізілген автокөліктердің үшеуі аудандарға жіберілетін болса, қалған 17-сі қалалық жедел-жәрдем стансасына беріледі. Бүгінде облыс көлемінде тәулігіне 700-750 шақырту келіп түсуде. Пандемия өршіген тұста қоңыраулар саны 1700-ге дейін жеткен болатын", - дейді Бауыржан Төлеген.
Қазір стансада жаңадан келген 66 жедел жәрдем медициналық көлігі бар. Оның 20-сы бүгін беріліп, 46-сы өткен жылы келді. Атап айтқанда, 2020 жылдың қазан айында 28 жедел жәрдем көлігі келсе, қараша айында 18 көлікпен толықты.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта өңірде COVID-таксилер жоқ. Оның орнына жедел-жәрдем стансаларының көлігі қызмет етуде. Жедел-жәрдем көлігі шұғыл шақыртуға 12-13 минутта жетеді.