Атырауда жер үйдегі қазандық жарылды

0
733

Зардап шеккендер бар.


Атырауда жер үйдегі қазандық жарылды

ERNUR.KZ. Шағын аудандағы тұрғын үйдегі қазандық жарылып, оның артынан өрт шықты, деп жазады Zakon.kz.

"24 шағын аудан көшесіндегі жеке тұрғын үйдегі жарылыс 10 қараша күні сағат 01:24-те орын алды. Газдың жарылуы салдарынан 120 шаршы метр аумақты өрт шалды. Нәтижесінде тұрғын үйдің шатыры мен іші толық жанып кетті", деп хабарлады Атырау облысының ТЖД баспасөз қызметі.


Ведомство нақтылағандай, өрт сағат 02:15-тен 02:40-қа дейін сөндірілді.

Жарылыс салдарынан үш адам зардап шекті. Олар облыстық ауруханаға жатқызылды, деп қосты облыстық ТЖД.

Өртті сөндіруге ТЖД-нің 16 қызметкері мен алты техникасы, тоғыз адамнан тұратын жедел жәрдем бригадасы (үш бірлік техника), полиция департаменті (сегіз адам және үш бірлік техника) жұмылдырылды.