Атырауда жоғалып кеткен 9 жасар бала табылмай жатыр

0
747

Қазір жоғалып кеткен 9 жасар баланы іздесу жұмысы жалғасып жатыр.


Атырауда жоғалып кеткен 9 жасар бала табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Атырауда полиция жоғалып кеткен 9 жасар баланы таппай жатыр, деп жазады inform.kz

Атырау қаласындағы «Балықшы» шағынауданында тұратын 9 жасар бала кеше, 22 қаңтарда жоғалып кеткен. Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Бұл туралы полицицяға кеше, 22 қаңтар сағат 19:28-де хабар түскен.

«Полицияның 102 операторына 40 жастағы тұрғын 2013 жылғы ұлы Еппили Сайали Ананд Раоның жоғалғаны туралы хабарлады. Оның айтуынша, сағат 15:00 шамасында 9 және 7 жасар ұлдары тұрғын үйдің алдына ойнауға шығып кеткен. Алайда, сағат 18:00-де кіші ұлы үйге оралған. Ал, үлкен ұлы үйге қайтарда жоғалып кеткен. Жоғалған ұлын өздері іздестірген. Кейін полицияға жүгінді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір жоғалып кеткен 9 жасар баланы іздесу жұмысы жалғасып жатыр.