Атырауда жоғалып кеткен тоғыз жасар баланың денесі табылды

0
497

Бала інісімен бірге аулада ойнаған, кейін кіші ұл үйге келіп, ағасының серуендеуге кеткенін айтқан. Полиция оны бір тәуліктен астам уақыт іздеді.


Атырауда жоғалып кеткен тоғыз жасар баланың денесі табылды

ERNUR.KZ. Атырауда құтқарушылар жоғалған тоғыз жасар баланың денесін өзеннен тапты, деп жазады sputnik.kz.

Ол 22 қаңтарда алты жасар інісімен бірге ойнап жүріп жоғалып кеткен. Үлкен ұл үйге келмегеннен кейін ата-анасы дабыл қаққан.

Кешке қарай полицейлер іздеу жұмыстарын бастап, сағат 5:30-да оларға құтқарушылар қосылып, Перетаска каналын тексерді.

23 қаңтар күні кешке құтқарушылар өзеннен баланың денесін тапқаны белгілі болды.

"Баланың денесі Перетаска каналының ортасынан табылды. Таңертеңнен бері сүңгуірлер суға бірнеше рет түсті", - деп хабарлады Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобы.