Атыраудағы драма театрының өрттен кейінгі көрінісі (видео)

0
918

Видеодан шатырдың толықтай өртеніп кеткенін көруге болады.


Атыраудағы драма театрының өрттен кейінгі көрінісі (видео)

ERNUR.KZ. Таяуда Атырау қаласындағы Өтемісов атындағы Қазақ драма театрында алапат өрт шықты. Өрттен кейінгі видео жарияланды, деп жазады Тengrinews.kz.

Өрт екінші қабаттағы электр тұстамасынан шығып, ғимараттың шатырына көшкен. Өрт төрт сағатта сөндірілген. Алайда, видеодан шатырдың толықтай өртеніп кеткенін көруге болады. ТЖ Комитетінің мәліметінше, өрт аумағы - 1820 шаршы метр.

Өрт сөндіруге 55 өрт сөндіруші мен ТЖД жеті арнайы техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері өртті сөндіру кезінде драма театрының аумағын қоршады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Өрт орнына өңір басшысы Нұрлан Ноғаев пен қала әкімі Әлмұхаммед Құттымұратұлы барды. Атырау әкімі жедел штаб құрылғанын айтты.

"Өрттің себебі анықталғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстары басталады", - деді қала әкімі.

Айта кетейік, Махамбет Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театры биыл мамыр айының соңында қайта жөндеуден кейін ашылды. 800 миллион теңгеге сахнаны толық жөндеуден өткізіп, жақсы акустикамен қамтылған.