Атыраудағы химиялық зауыт аумағынан өрт шықты

0
1 153

Химиялық комбинаттың аумағы Атырау ЖЭО мен зауыттың тікелей маңында орналасқан.


Атыраудағы химиялық зауыт аумағынан өрт шықты

ERNUR.KZ. Атыраудағы химиялық зауыт аумағында өрт болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі. Біздің анықтама: бір кездері полипропилен шығарған кәсіпорынның жұмысы қазір тоқтап қалған. Бірақ оның аумағында бірнеше мұнай-химия зауыты, оттегі өндіретін цех бар. Химиялық комбинаттың аумағы Атырау ЖЭО мен зауыттың тікелей маңында орналасқан.