Атыраудағы перзентхана қызметкерлері Президенттен көмек сұрады

0
722

30 қыркүйекте Атырау облыстық перинаталдық орталықтың директоры мен акушер-гинекологы жаңа туған сәбиді өлтірді деген күдікпен ұсталған.


Атыраудағы перзентхана қызметкерлері Президенттен көмек сұрады

ERNUR.KZ. Атырау перинаталдық орталығының жұмыстан босау туралы өтініш жазған қызметкерлері Президентке хат жолдады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іс сотқа жетпей жатып БАҚ-та ақпарат таратты. Сол арқылы олар перинаталды орталықтың дәрігерлерін қылмыскерге теңеді. Дәрігерлер мен халық арасындағы жағдай шиеленісе түсті. Біз әріптестерімізді ақтамаймыз, олардың кінәсін тиісті органдар анықтайды. Бізді алаңдатқан жағдай – тексеру аяқталмай жатып адамдардың дәрігерлерді талқыға салып, бәрімізді қылмыскерге санағаны. Мұндай жағдайда өз міндетімізді толыққанды атқара алмаймыз, сондықтан жұмыстан кетуге мәжбүрміз», - делінген хатта.

Еске салайық, өткен аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жаңа туған сәбидің өліміне, сондай-ақ, жемқорлық қылмыстар бойынша күдікті Атырау облыстық перзентханасының бас дәрігеріне қатысты істің мән-жайын баяндады.

Сенбі күні Атырау облысына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі бастаған республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары келді. Олар облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне көмек көрсетеді.

Ал дүйсенбіде перинаталдық орталықтың 31 қызметкері жұмыстан кету туралы өтініш жазғаны белгілі болды.