Атыраудан Алматыға бағыт алған ұшақ апатты жағдайда қайта қонды

0
938

Бұл жағдайға желдету жүйесінің істен шығуы себеп болған.


Атыраудан Алматыға бағыт алған ұшақ апатты жағдайда қайта қонды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Атырау әуежайынан көтеріліп, Алматыға бағыт алған Fly Arystan әуе компаниясының ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды, деп жазады 24.kz.

Бұл жағдайға желдету жүйесінің істен шығуы себеп болған.

Асланбек Шығыр, тілші:

"Иә, кеше кеште мұнайлы шаһардан Алматы қаласына бағыт алған ұшақ желдету жүйесінің істен шығуы салдарынан Атырау әуежайына қайта қонды. Бұл туралы Жолаушылар әлеуметтік желілерде жариялаған. Желдету жүйесінің істен шыққаны туралы дабыл келген уақытта экипаж мүшелері дереу қонуды ұйғарған. Алайда, бірнеше сағат қона алмай, әуеде қалықтап жүріпті. Қажетті қону салмағына жету үшін отынды жағуды белгілейтін ережеге байланысты дереу қону мүмкін болмаған көрінеді. Ұшақ қайта қонғаннан кейін Air Astana әуе компаниясының инженерлік қызметі техникалық тексеру жүргізген. Тексеріс жүргізілгеннен кейін жарты сағат ішінде ақаудың қайдан шыққаны анықталып, дереу шаралар қолданылыпты. Бұдан соң ұшақтың қайта ұшуына рұқсат беріліп, сертификатталған".

Айта кетейік, ұшу кезінде бортта барлығы 144 жолаушы және 6 экипаж мүшесі болған. Алайда, ұшақ Атырау халықаралық әуежайына оралғаннан кейін 27 жолаушы ұшаққа отырудан бас тартыпты.