Атыраудан басқа өңірлерге әуе рейстері қайта жанданады

0
643

Рейстер әуе компаниялардың ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.


Атыраудан басқа өңірлерге әуе рейстері қайта жанданады

ERNUR.KZ. Атырау қаласынан басқа өңірлерге әуе рейстері қайта жанданады, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, 2020 жылғы 25 мамырдан бастап Атыраудан республиканың өзге қалаларына келесі бағыттар бойынша әуе рейстері қайта ашылады.

Эйр Астана:
1. Атырау–Алматы, Атырау–Нұр-Сұлтан бағыттарына аптасына 7 рейс;
SCAT:
1. Атырау–Нұр-Сұлтан бағытына аптасына 5 рейс, ал 1-маусымнан бастап – 7 рейспен ұшады.
2. Атырау – Ақтау бағытында аптасына 7 рейс, ал 1-маусымнан бастап 14 рейс орындайды.
Qazaq Air:
1. Атырау-Ақтау, Атырау-Ақтөбе, Атырау-Орал бағыттарында аптасына 4 рейстен;
2. Атырау-Шымкент бағытында аптасына 7 рейс жасайды.
Fly Arystan:
1. Шілдеден бастап Атырау-Шымкент бағытында аптасына 3 рейс орындайды.
Ұшу кестесін әуе компаниялары реттей алады.
Рейстер әуе компаниялардың ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Еске сала кетсек, 1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында (2 қала); 5 мамырдан Семей, Өскемен, Петропавл, Қызылорда (4 қала); 11 мамырдан Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау, Қостанай (7 қала) әуе рейстері ашылды.

Айта кетерлігі, коронавирус пандемиясына байланысты елімізде мемлекеттік комиссияның шешімімен 97 халықаралық бағыт бойынша аптасына 440 рейс және ішкі рейстерде 45 бағыт бойынша аптасына 540 тұрақты рейс тоқтатылған болатын.