Атыраулық жас әртістер қазақтілді қойылыммен әлем сахнасын бағындырды

0
818

Байқауға оннан астам елдің өнерпаздары қатысқан.


Атыраулық жас әртістер қазақтілді қойылыммен әлем сахнасын бағындырды

ERNUR.KZ. Испанияның Ллорет де Мар қаласында өткен «Theatrical Talents» халықаралық фестивалінде «Атырау Жастар театры» бас жүлдені иеленді, деп жазады ҚазАқпарат.

"Оннан астам елдің өнерпаздары жиналған байқауда «Атырау Жастар театры» Мұқанғали Томановтың «Затмение» антидрамасын сахналады. Театр мамандарын айтпағанда, әлемнің әр елінен келген кәсіби музыканттар мен хореографтар, продюсерлер мен суретшілер бағалаған байқау барынша әділ өтті деген сенімдемін", – дейді театр басшысы Әміржан Нұрланұлы.

Сондай-ақ мәлім болғандай, әділ қазылар төрағасы Марти Перафефер атыраулық жас таланттарды «FITAG-2020» фестивалінде бағын сынауға шақырса, «Фиесталония Миленио» ұйымының президенті Давид Джапаридзе – Италия, Франция, Грузия елінде өтетін фестивальдерге қатысуға ұсыныс білдірген.