​Ауа райына байланысты СҚО-да сабақ болмайды

0
1 493

Бүгін ауа-райының қолайсыз болуына байланысты барлық сыныптарға сабақ тоқтатылды.


​Ауа райына байланысты СҚО-да сабақ болмайды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының барлық ауданында және Петропавл қаласында 24 желтоқсан күні қатты аязға байланысты мектептерде 1-11 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды, деп жазады Baq.kz.

- Ауа температурасы -25 градус және желдің жылдамдығы секундына екі метрге жеткен жағдайда 1-4 сыныптарға, температура -27 градус болса 1-9 сынып оқушыларына, ал -30 градустан асса және желдің жылдамдығы секундына екі метрге жетсе барлық сыныпқа сабақ тоқтатылады. Бүгін ауа-райының қолайсыз болуына байланысты барлық сыныптарға сабақ тоқтатылды, - деді Петропавл қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Сұрағанова.

"Қазгидромет" мекемесінің мәліметінше, бүгін Петропавлда ауа температурасы -32 градусқа дейін төмендеген. Түнге қарай Петропавлда -39 градусқа дейін, ал облыс аумағында -40 градусқа дейін аяз тұрады деп болжанып отыр.

Ресми дерек бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында 498 мектепте 71 мыңға жуық оқушы білім алады. Ал Петропавл қаласындағы 36 мектепте 23 мың бала оқиды.