Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

0
1 111

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Жанайдарұлы Карбенов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.


Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әуе қорғанысы күштерінің жаңа қолбасшысын тағайындады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Секенұлы Орманбетов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Жанайдарұлы Карбенов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылғаны айтылады.

Нұрлан Орманбетов 2013 жылдың маусым айынан бастап 2017 жылдың қазан айына дейін ІАҚ Бас қолбасшысы қызметін атқарған.

2012 жылдың тамыз айынан 2013 жылдың маусым айына дейін - Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының орынбасары - ҚК ӘҚК бас қолбасшысы басқармасының жауынгерлік даярлық Бас басқармасының бастығы.

2010 жылдың тамыз айынан 2012 жылдың тамыз айына дейін-Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Бас штабының бастығы.

2007-2010 жылдары - Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының орынбасары болған.

2011 жылғы 6 мамырда авиация генерал-майоры атағын алды.