"Аурудың беті қайтты": Қуаныштан билеген қазақстандық дәрігерлердің видеосы тарады

0
658

Дәрігерлер екі күннен бері науқас келмегенін айтқан.


ERNUR.KZ. Желіде аурухана қызметкерлері билеп жатқан видео тарады. Видео авторы дәрігерлер төсек-орындардың босап қалғанына қуанып жатқанын жазды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Видеодан коронавирус стационарларында пайдаланылатын қорғаныш киімдерін киген екі қыз билеп жатқанын көруге болады.

"Аурудың беті қайтты. Екі күннен бері түсіп жатқан кісі жоқ. Біздің қыздар соған қуанып, билеп жатыр", - дейді кадр сыртындағы әйел.