Ауыл әкімдерін халық сайлайды – Тоқаев

0
718

Президент ауыл әкімдерін сайлау жүйесін толығымен зерделеп шығу қажеттігін атап өтті. Бұл бастаманы кейінге қалдыруға болмайды.


Ауыл әкімдерін халық сайлайды – Тоқаев

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлауға қатысты пікір білдірді, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Жалпы, алдағы саяси реформалар халықтың басқару жүйесіне белсене араласуына бағытталуы тиіс. Қазіргі сауалнамалар көрсетіп отырғандай, қоғам ауыл әкімдерінің сайланғанын қалайды", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлесекен отырысында.


Осы орайда президент ауыл әкімдерін сайлау жүйесін толығымен зерделеп шығу қажеттігін жеткізді. Бірақ бұл бастаманы кейінге қалдыруға болмайды.

"Бұл – маңызды қадам. Оған жан-жақты дайындалу қажет және біртіндеп іске асыру керек. Біз осы жүйенің қалай жұмыс істейтінін анық білуіміз керек. Алайда бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайды. Келесі жылы бірқатар ауыл әкімінің құзіреті аяқталады. Меніңше, ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу керек", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.