Ауылдың іскер әйелдеріне 4 мың доллар қайтарымсыз грант беріледі

0
2 461

Биыл өңірлердегі 16 бизнесвуменге 27 миллион теңгеге жуық грант беру көзделген.


Ауылдың іскер әйелдеріне 4 мың доллар қайтарымсыз грант беріледі

ERNUR.KZ. Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4 мың доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп жазады inbusiness.kz.

Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген ынта мен бизнесплан болса жеткелікті. Бұл туралы елордада өткен «Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа жағдайда: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты конференцияда айтылды.

Ұйымдастырушылардың сөзінше биыл өңірлердегі 16 бизнесвуменге 27 миллион теңгеге жуық грант беру көзделген. Соның бірінші жеңімпазы бүгін марапатталды.