Ауыр атлетикадан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты онлайн өтіп жатыр

0
668

Қазақстан біріншілігі биыл алғаш рет онлайн ұйымдастырылып отыр.


Ауыр атлетикадан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты онлайн өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, деп жазады Olympic.kz.

Аталған республикалық бәсекеге 20 жасқа дейінгі жасөспірім атлеттер мен 23 жасқа дейінгі жас спортшылар қатысуда.

Қазақстан біріншілігі биыл алғаш рет онлайн ұйымдастырылып отыр. Спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осындай шешім қабылданған.

1 қарашада басталған ел біріншілігі 7 қарашаға дейін жалғасады.