Ауыратлет Майя Манеза екінші баласын дүниеге әкелді

0
410

Ауыратлеттер Майя Манеза мен Вячеслав Ершовтың отбасында қыз дүниеге келді.


Ауыратлет Майя Манеза екінші баласын дүниеге әкелді

ERNUR.KZ. Ауыратлет Майя Манеза екінші баласын дүниеге әкелді, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желілердегі парақшасында жариялаған. Ауыратлеттер Майя Манеза мен Вячеслав Ершовтың отбасында қыз дүниеге келді. Олар қызына Алина деп ат қойған.

"Бүгін менің отбасымда өте маңызды, әсерлі және бақытты күн! Сүйікті күйеуім Вячеслав екеуміз тағы бір нәрестенің ата-анасы болдық! Алинамыздың салмағы 4 келі, 54 сантиметр. Хас сұлудың өзі! Аллаға шүкіршілік етемін", - деп бөлісті Майя.

Айта кетейік, 2013 жылдың 19 тамызында Майя Манеза Арсений атты ұлын босанған болатын. Манеза мен 2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, бұрынғы ауыр атлет Ершовтың үйлену тойы 2013 жылдың сәуірінде өткен.