Автобустағы айғай-шудан жолаушы көз жұмды

0
901
№29 бағыттағы автобуста қайғылы жағдай тіркелді

Автобустағы айғай-шудан жолаушы көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде қоғамдық көлік ішінде айғай-шу болып, жолаушы көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақтөбеде №29 бағыттағы автобуста қайғылы жағдай тіркелді. Автобус ішінде айғай-шу болып, бір адам қаза тапты.

«Бүгін автобуста қайғылы жағдай тіркелді. Автобус аялдамада тұрған кезде ішіндегі жолаушылар өзара кикілжің шығарып, жасы үлкен адамның жағдайы нашарлап кеткен. Ол «мазамды алмай, шығыңдар» деп ескерткен екен. Сол аралықта жағдайы нашарлаған, есінен танып қалды. Дереу жедел жәрдем шақырылғанымен, ешкім көмектесе алмады. Жолаушы сол жерде көз жұмды. Полиция қызметкерлері де келді», - деді «Автопарк» ЖШС-ның заңгері Руслан Жылқаманов.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет