Автокөлік жүргізу куәлігін алу жеңілдетілді

0
3 050


Автокөлік жүргізу куәлігін алу жеңілдетілді

фото: liter.kz

ERNUR.KZ. Алматыда жүргізуші куәлігін аларду үшін Наркология және Психотерапия орталықтарының анықтамасы бір жерден берілетін болды, деп жазады Алматы арнасы.

Бұл тұрғындарды сабылтпай, уақыттарын үнемдеуге септігін тигізеді. 11 шілдеден бастап қалалық Наркологиялық орталық Психикалық сауықтыру орталығына қосылды.

«Көлік жүргізу құжатын алу керек, сонымен қатар жүргізушілердің комиссиясынан өту керек. Бұрын мысалы, анықтаманы қалалық Наркологиялық орталықтан, содан соң Психикалық сауықтыру орталығынан барып алатын. Қазіргі таңда бұл анықтамалардың бәрін бір жерден алуға болады. Мысалы, Мақатаев көшесіндегі Наркологиялық орталыққа келіп, сол жерде психиатриалық анықтаманы да, наркологиялық анықтаманы да алуға болады», – деді Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар РАХМЕНШЕЕВ.