"АвтоЦОН"- дар тағы істемей қалды

0
1 113

Тіркеу және емтиxан қабылдау бөлімшелерінде ақауларды жойғанға дейін мемлекеттік қызмет көрсету уақытша тоқтатылды.


ERNUR.KZ. Арнайы мамандандырылған ХҚКО-ларда мемлекеттік қызмет көрсету уақытша тоқтатылды, деп жазады Zakon.kz.

Техникалық ақауларға байланысты арнайы мамандандырылған ХҚКО-да автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру және мемлекеттік әкімшілік полиция бөлімшелерінің тіркеу және емтиxан қабылдау бөлімшелерінде ақауларды жойғанға дейін мемлекеттік қызмет көрсету уақытша тоқтатылды.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетінің facebook-тегі парақшасы.