Аягөзде қатты дауылдан 97 ғимарат бүлінді (фото, видео)

0
946

7 адам жарақат алған.


Аягөзде қатты дауылдан 97 ғимарат бүлінді (фото, видео)

ERNUR.KZ. 16 маусым күні кешкі алты жарым шамасында Аягөзде дауылды желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетіп, ондаған ғимараттың шатырын ұшырды деп жазады Azattyq Ruhy

Желдің қатты болғаны сонша, 97 ғимарат бүлініп, 7 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды.

«2 қабатты 19 үй, 1 қабатты 72 үй, 4 мектеп, 1 балабақша және 1 аурухананың ғимараты бүлінді. Ағаштардың құлауы салдарынан электр сымдары үзіліп, 9138 абонент жарықсыз қалды. Апаттың салдарымен күресу үшін 5 бригада жұмыс істеп жатыр», - делінген аталған хабарламада.

Жарақат алған 7 адамның біреуі ауруханаға жатқызылды, алтауына алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген.