Аягөзде мектеп оқушылары тоғайдағы ағаштарды отап тастады (ВИДЕО)

0
1 071

Алау жағу үшін кескен болуы мүмкін.


Аягөзде мектеп оқушылары тоғайдағы ағаштарды отап тастады (ВИДЕО)

иллюстрациялық фото ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде бейнежазба пайда болды. Видео авторы Аягөз қаласының маңында оталған ағаштарды түсіріпті. Оның айтуынша, табиғатқа мұндай зиянды мектеп оқуышлары келтірген екен, деп жазады altaynews.kz.

-Міне, мынау бізде Аягөздегі кішкене тоғай ғой. Талдары енді шығып жатыр. От жағамыз деп 11-ші сыныптың оқушылары ағаштарды кесіп тастапты. Кімдер екенін нақты білмейміз. Мынаған бір шара қолданбаса болмайды. Қараңыздар, қаншама жас талдарды отап тастаған. Не деген сұмдық! – дейді бейнежазба авторы.

Автор бұл жағдай жайлы әкімдікке хабар беріпті.

- Оқиғаға қатысты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді әкімдіктен.