Аязда баланы аялдамада қалдырып кеткен автобус жүргізушісі жұмыстан қуылды

0
939

№1 автобус паркінің басшысы Н.С.Пулатовқа қатаң сөгіс жарияланды.


Аязда баланы аялдамада қалдырып кеткен автобус жүргізушісі жұмыстан қуылды

ERNUR.KZ. Жасөспірімнің жол жүруге арналған жеңілдік картасы жарамсыз болғандықтан, аязды күні аялдамада қалдырып кеткені үшін автобус жүргізушісі жұмыстан босатылды, деп жазады Елорда Инфо.

"Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша №1 автобус паркінің басшысы Н.С.Пулатовқа қатаң сөгіс жарияланды. Аязды күндері кәмелетке толмаған баланы тастап кеткен қала маңына қатынайтын бағдардағы автобус жүргізушісі жұмыстан босатылды. Барлық автобус парктерінің жүргізушілеріне осындай жағдайлардың алдын алу тапсырылды. Қоғамдық көліктердің жұмысын бақылау күшейтілді", – делінген хабарламада.