Айыппұл төлемеген жүргізушілер көлігінен айырылуы мүмкін

0
1 075

​Қазір Астана полициясы "Борышкер-2018" жедел-профилактикалық шарасын жүргізіп жатыр.


Айыппұл төлемеген жүргізушілер көлігінен айырылуы мүмкін

Елордамызда әкімшілік айыппұл бойынша борышкер көлік иелерінен техникалық құжат алынып, көліктерді айыппұл тұрағына жөнелтеді,-деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қазір Астана полициясы "Борышкер-2018" жедел-профилактикалық шарасын жүргізіп жатыр.

Әкімшілік айыппұл бойынша қарызы бар тұлғаларға бұдан бұрын ескерту жасалған.

"Айыппұлын төлемеген борышкерлерге қатысты сот орындаушыларымен бірлесе отырып мәжбүрлеу шараларын қолданып жатырмыз, яғни көліктерін айыппұл тұрағына жөнелтіп, техникалық құжатын аламыз", — делінген Астана ішкі істер департаменті хабарламасында.

Қазір айыппұл тұрағына 53 көлік жіберілді.