​Азамат Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды

0
1 790

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен талантты актер Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына директор болды.


​Азамат Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды

сурет:gakku.kz

ERNUR.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен таланатты театр және кино актеры, білікті продюсер, танымал тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Азамат Сатыбалды Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына директорлық қызметке тағайындалды, деп жазады аталған театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ақ-Зия Жайлы Facebook-гі парақшасында.

Бұрынғы директорымыз Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұжымымызды 4 жылға жуық басқарып, білікті басшы бола білген – Сәбит Әбдіқалықов жаңа қызметтік орынға, яғни, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры лауазымына бекітілді, делінген жазбада.

«Ұжымның әрбір мүшесінің қамын ойлап, шығармашылық пен басқаруда жан-жақты жанашырлық ұстаныммен таныла білген Сәбит Әбдімүтәліұлына абыроймен атқарған қызметтеріне алғыс айта отырып, барған жеріңізге бақ орнатыңыз, жолыңыз болсын! - дейміз. Ал, жаңа басшының алдағы қызметіне мол сеніммен, табыс, үлкен серпін, тың бастамалар тілейміз! Қазақ мәдениетінің көшін ілгерілету жолында ат үстінде жүрген жарқын азаматтардың еңбектері жана берсін!», деп жазды Ақ-Зия Жайлы.