​Азаматтардың Медициналық сақтандыру қорына аударған жарнасы қайда сақталады

0
1 129

Тамыз айында Медициналық сақтандыру қорына 8 млрд 156,9 млн теңге көлемінде жарна аударылды.


​Азаматтардың Медициналық сақтандыру қорына аударған жарнасы қайда сақталады

ERNUR.KZ. Тамыз айында Медициналық сақтандыру қорына 8 млрд 156,9 млн теңге көлемінде жарна аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Тамыз айында Медициналық сақтандыру қорына 8 млрд 156,9 млн теңге көлемінде жарна аударылды. Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 тамызына дейінгі аралықта жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарналардың жалпы сомасы 97 млрд теңгеге жетті», - делінген қор ақпараттына.

Аталған соманың 88,4 млрд теңгесі (91% жуығы) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,6 млрд теңгесі (9% жуығы) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.