"Азаматтарға арналған үкімет" қызметкері жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

0
111
Мемлекеттік корпорация қызметкері төрт күннен бері іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Қарағандылық Арман Алимов төрт күн бұрын жоғалып кеткен. Соңғы рет оны қала орталығындағы аялдамадан көріпті, деп жазады sputniknews.

Арман Алимовты көпшілік жақсы қызметкер, үлгілі отағасы деп біледі. Бірнеше жыл "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында жұмыс істеген. Алимов бұрын-соңды ешқайда жоғалып кетпеген, жұмыста да ешбір кикілжің болмапты. Жары Әселдің айтуынша, ол құмар ойындарға әуес емес, достарының бәрі заңға бағынатын азаматтар.

Жоғалып кеткен күні Алимов жұмысына такси шақыртыпты, көлік жүргізушісі хабарлағандай, әртүрлі банктердің филиалына барса керек. Таксистің сөзін бақылау камераларындағы жазбалар да растады.

"Соңғы рет бақылау камерасы 19:07-де "1000 ұсақ-түйек" аялдамасында тұрған кезде түскен, - дейді Арман Алимовтың әйелі. – Оңтүстік-шығыс жаққа баратын 53-ші автобусқа мінген. Біз сол ауданда тұрамыз, бәлкім, үйге бара жатқан болса керек. Алайда қай аялдамадан түсіп қалғаны белгісіз, бақылау камераларына одан кейін түспеген".

Жоғалып кеткен ер адамның әйелі Әсел еріктілермен бірге Арман Алимовты іздеуге шықты. Нұрке Әбдіров көшесі аумағына бағыттамалар ілінген.

"Бұл жоғалып кеткен күні жұрттың көзіне соңғы рет түскен жер, - дейді әйел. – Сол себепті іздеуді осы жерден бастаймыз. Еріктілермен бірге іздеп жатырмын. Хабарландыру іліп, енді аралай бастаймыз, жергілікті тұрғындардан сұраймыз".

Полиция қызметкерлері бұл іс туралы әлі ешқандай мәлімет берген жоқ.

Арман Алимовтың қайда жүргенінен хабардар жандар келесі нөмірлерге хабарласа алады: 8 701 249 10 09; 8 708 352 64 60; 8 702 674 26 33.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет