Азаматтық авиация комитеті қағазсыз құжат жобасын іске қосуды аяқтау кезеңінде

0
1 527

​ERNUR.KZ. Әуе жүк тасымалы саласындағы е-freight қағазсыз құжат айналымы ақпараттық жүйесін енгізу бойынша жобаның мемлекеттік жекеменшік әріптестік (МЖӘ) келісімін талқылау жөнінде жеке инвестормен тікелей келіссөздер өтті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ mid.gov.kz-ке сілтеме жасап.


Азаматтық авиация комитеті қағазсыз құжат жобасын іске қосуды аяқтау кезеңінде

ERNUR.KZ. Әуе жүк тасымалы саласындағы е-freight қағазсыз құжат айналымы ақпараттық жүйесін енгізу бойынша жобаның мемлекеттік жекеменшік әріптестік (МЖӘ) келісімін талқылау жөнінде жеке инвестормен тікелей келіссөздер өтті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ mid.gov.kz-ке сілтеме жасап.

. МЖӘ саласындағы заңнамаға сәйкес, бұл аталған жобаны іске қосудың аяқтау кезеңінің бірі болып есептеледі. Мұның алдында жобаның тұжырымдамасы бекітілген болатын. Мүдделі тараптардың келісімдері мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің оң экономикалық қорытындысы алынып, жобаны іске қосудың барлық алғышарттары орындалды.

Е-freight жобасы әуе көлігімен жүк тасымалы тиімділігін айтарлықтай арттыруға және уақыт пен шығынды қысқартуға бағытталған. Жоба жүкті өңдеуді бір күннен бір сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл экономика салаларын цифрландыру бастамасы аясындағы басым жобалардың бірі. Іске асып жатқан жобаның ерекшелігі – мемлекет бюджетіне салмақ түсірмей, толығымен жеке инвестиция есебінен қаржыландырылады. Мемлекет тиісті мәліметтер базасын ұсынады. Келіссөздер барысында Келісімнің шарттары мен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау мәселелері талқыланды.

Жуық арада жоба бойынша МЖӘ келісіміне қол қою жоспарланып отыр.