​Қазақстан ғалымдары адамның бет-әлпетін танитын жүйені жасап жатыр

0
1 449

ERNUR.KZ. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов адамның бет-әлпетін танитын жүйе туралы айтып берді.


​Қазақстан ғалымдары адамның бет-әлпетін танитын жүйені жасап жатыр

ERNUR.KZ. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов адамның бет-әлпетін танитын жүйе туралы айтып берді деп хабарлайды Kazinform.kz.

Бұл жүйені Қазақстанның мамандары жасап жатыр.

«Өткен жылы біз осы жоба бойынша жұмыстарды бастап, бұл бағдарлама бойынша ұлттық ғылыми кеңестен өттік. Өкінішке қарай, ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияда біздің әзірлемелер қаржыландыруға өтпей қалды. Сондықтан да заңнаманың қабылдануын күтіп отырмыз. Бұл, құпиялығы бар әзірлеме болғандықтан, оларды шетелдік сарапшылардың талқылауына бере алмаймыз», - деді ведомство басшысы Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Министрдің атап өтуінше, алдағы жылдан бастап бұл жобаны қаржыландыру басталуы мүмкін.

«Жұмыстар алға жылжып жатыр, алайда қаржыландыру мәселелеріне байланысты біршама тежеліп қалды», - деп қосты ведомство басшысы.

Сонымен қатар, ол жобаны іске қосу үшін қажетті қаржы көлемін жариялаудан бас тартты. «Мен бұл мәліметті айта алмаймын, себебі бұл жоба жаппай жариялауға жатпайды. Атап айтқанда, бет-әлпетті танудың отандық әзірлемесі. Оны «Ақылды қала» секілді жүйеге пайдалануға болады», - деді Бейбіт Атамқұлов.