​«Қазақстан аруы» байқауда ұтып алған ақшасын қайырымдылыққа берді

0
143
Атырау қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы №1 мектептің 22 оқушысы Қазақстанның ең сұлу аруының қолынан сыйлықтар алды.

​«Қазақстан аруы» байқауда ұтып алған ақшасын қайырымдылыққа берді

«Қазақстан аруы-2018» Альфия Ерсайын байқауда ұтып алған 3 миллион теңгесінің бір бөлігін жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға беріп, қайырымдылық жасады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Атырау қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы №1 мектептің 22 оқушысы Қазақстанның ең сұлу аруының қолынан сыйлықтар алды.

Мағжан Жұмабаев атындағы №1 мектеп директоры Гүлжан Қожахметованың сөзінше, Альфия балаларға көмектескісі келетінін бір ай бұрын айтқан. Мұнан кейін сынып жетекшілер мен ата-аналар біріге отырып, оқушыларға қажетті заттардың тізімін жасапты. Олардың ішінде рюкзак, спорттық аяқ киім, костюмдер мен басқа да заттар бар.

«Мектеп ұжымы мен ата-аналардың атынан Альфия Ерсайынға көп алғыс білдіреміз. Алдағы «Әлем аруы» байқауында сәттілік тілейміз», – дейді мектеп директоры.

Альфия ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін сүйіп оқитындықтан, таңдауы ақынның есімімен аталған мектепке түсіпті. Бойжеткеннің айтуынша, ол алдағы уақытта да қайырымдылықпен айналысқысы келеді.

Өз кезегінде оқушылар Альфияға алғыс ретінде концерт ұйымдастырып, ән айтып, би биледі.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет