​Қазақстан шетелден 190 млн долларға телефон сатып алды

0
1 159

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,6% өсті.


​Қазақстан шетелден 190 млн долларға телефон сатып алды

фото sonycenter.kz

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстан 189,9 млн долларға телефон аппараттарын импорттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,6% өсті.

Бәрінен көп телефондар Қытай елінен әкелінген. Аспан асты елі Қазақстанға бір ай ішінде 117,2 млн долларға телефон сатқан. Бұл 2017 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 15,7% көп. Сондай-ақ, Вьетнам елінен Қазақстанға 46,6 млн долларға техника әкелінген. Былтырғы көрсеткішпен салыстырсақ 1% көп. Ресей 9,3 млн долларға (4% көп), АҚШ 2,5 млн долларға (25,6% аз), Австрия 1,5 млн долларға, Малайзия 1,5 млн долларға (46,6% аз) және Эстония 1,5 млн долларға (55,2% аз) телефондар сатты.