Қазақстанда 2017 жылы қос азаматтығы үшін 600 ден астам адам жауапқа тартылған

0
1 054

Мәжілісмен 2017 жылы елімізде 600 ден аса адам қос азаматтығы үшін әкімшілік жазаға тартылғанын айта келіп, бұл бағытта Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндердің келген елінің азаматтығынан шыққаны туралы анықтама талап етуді енгізуді ұсынды.


Қазақстанда 2017 жылы қос азаматтығы үшін 600 ден астам адам жауапқа тартылған

ERNUR.KZ. ҚР Парламент мәжілісінде «ҚР көші-қон бақылауының жай-күйі және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» деген тақырыпта өтіп жатқан Үкімет сағатында депутаттар елдегі көші-қон мәселесінің толық бақыланбай отырғанын айтты, -деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елдегі көші-қон мәселесі туралы баяндама жасаған Ішкі Істер министрі Қалмұхамбет Қасымовқа Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы Нұрлан Әбдіров сауал жолдады. Мәжілісмен 2017 жылы елімізде 600 ден аса адам қос азаматтығы үшін әкімшілік жазаға тартылғанын айта келіп, бұл бағытта Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндердің келген елінің азаматтығынан шыққаны туралы анықтама талап етуді енгізуді ұсынды.

Айта кетейік, былтыр отыз мыңнан астам адам жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан азаматтығын алған.