Қазақстанда ауылдық аймақтар дербес бюджетке көше бастады

0
1 365

Ауылдық округ бюджетіне салықтық түсімдердің 7 түрі және басқа да салықтық емес түсімдер, сондай-ақ шығыстардың 19 бағыты берілді.


Қазақстанда ауылдық аймақтар дербес бюджетке көше бастады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында төртінші деңгейдегі бюджет пен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін енгізу барысы туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тимур Сүлейменовтың айтуынша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы аясында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың (ЖӨБ) коммуналдық меншігі мен IV деңгейдегі бюджетті енгізуді көздейтін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша Заң қабылданды.

«Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейі ретінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап халық саны 2 мың адамнан асатын 1062 ауылдық округте енгізілді, ал 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық жерде енгізілетін болады», — деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, дербес бюджетті енгізу ауылдық округтердің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтуге және берілген салықтарды тікелей өз бюджетіне алуы арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде ЖӨБ рөлін күшейтуге мүмкіндік берді.

Ауылдық округ бюджетіне салықтық түсімдердің 7 түрі және басқа да салықтық емес түсімдер, сондай-ақ шығыстардың 19 бағыты берілді.

Заңды іс жүзінде сапалы іске асыру мақсатында ЖӨБ дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралардың көбісі орындалды. ҚР ҰЭМ осы жылдың екінші жарты жылдығында бюджеттің IV деңгейі енгізілген өңірлерде ауыл әкімдері мен олардың аппараттары қызметкерлерін оқытуды жалғастырады.

дереккөз: primeminister.kz