Қазақстанда өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеген 70-тен аса сауда орны анықталды

0
5 733

Олар – Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының екі базары мен Қостанай өңірі аудандарының біріндегі сауда үйі. Айту керек, осы айдың соңына дейін елімізде 1 мыңнан астам нысан тексеріледі.


Қазақстанда өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеген 70-тен аса сауда орны анықталды

Бүгін бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер журналистерге мәлімдеді. Тексерістен өткен барлық кешендердің тек үшеуінен ғана кемістік табылмады,-деп хабарлайды 24.kz .

Олар – Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының екі базары мен Қостанай өңірі аудандарының біріндегі сауда үйі. Айту керек, осы айдың соңына дейін елімізде 1 мыңнан астам нысан тексеріледі.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы: - Заңбұзушылық көп. Мысалы, эвакуациялық шығу жолдары жабық я болмаса ол жерде сауда бутиктері орналасқан. Әйтеуір қауіпсіз жерге көшу көктегі күнді алудан қиын. Сатылардың астында қолдан қоймалар жасалып, қосымша дүкендер орнатылған. Өрт дабылы мен өрт сөндірудің автоматты жүйесі жұмыс істемейді.